• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі мен Түркия Премьер-Министрі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі мен Түркия Премьер-Министрі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

23 Қаңтар, 2015 08:47
Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түрік Республикасының Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми порталы.

Әңгіме барысында Үкіметтер басшылары екі жақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

К.Мәсімов пен А.Дәуітоғлы екі елдің арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын, Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының белсенді қызметін және іскер топтар арасында тығыз байланыстар орнағанын атап өтті.
 

Барлық жаңалықтар