- Басты
- Жаңалықтар
- Давоста ҚР мен ЭЫДҰ арасында Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды
Давоста ҚР мен ЭЫДҰ арасында Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды
Бағдарлама реформалар жүргізуді, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫДҰ-ның бірқатар декларациялары мен ұсыныстарына қосылуына, оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысына қатысуына мүмкіндік береді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
ҚР мен ЭЫДҰ екі жақты ынтымақтастығы мемлекеттік басқару жүйесіндегі, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қазыналық саясат салаларындағы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫДҰ Елдік ынтымақтастық бағдарламаларын алғаш рет бірлесіп әзірлеген төрт елдің бірі болды.
«Елдік бағдарламаны жүзеге асыру – Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына кіруінің ұзақ мерзімді тапсырмасына жету үшін ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибелерін енгізуге ынтасын растайтын екі жақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды кезеңі», - деді К.Мәсімов.
Өз кезегінде Анхель Гурриа қол қойылған құжаттың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы экономикасы бар, стратегиялық тұрғыдан Еуропа мен Азия түйіскен жерде орналасқан ел болып табылады. Елдік бағдарламаны жүзеге асырудың жағымды әсері өңірдегі басқа да елдердегі реформаларға өз пайдасын әкелетініне сенімдімін», - деді ЭЫДҰ Бас хатшысы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады