- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесінде туды көтеру рәсімі өтті (Фото)
Ақтауда «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесінде туды көтеру рәсімі өтті (Фото)
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын кеме командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісовке табыс етті.
«Жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов: «Ең бастысы, «Сарыарқа» - отандық өндірістің төл өнімі. Егемендік жылдары әлеуеті артып, экономикасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздің ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздің, әр үйіміздің түзу түтіні мен кең-байтақ жеріміздің бүтіндігін ойлаған Елбасының сарабдал саясатының жемісі», - делінген хабарламада.
Мұның өзі – бес қаруын асынып, болашақта осынау әскери кеменің даңқын асыратын теңізшілеріміз үшін зор мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елбасы алдындағы абыройлы парыз, ел алдындағы баянды борыш!», - деп тоқталды.
«Өз басым Сіздердің бұл міндеттің үдесінен шығып, Өздеріңізге тапсырылған осы Жалауды биік ұстайтындарыңызға сенімдімін.
Ендеше барша әскери теңізшілерді, осы «Сарыарқа» кемесін жасаған отандық «Зенит» зауытының бүгінгі мерейлі сәтпен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, әскери қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін.», - деді ол.
Әскери-теңіз базасының жеке құрамы Ақтау қаласы теңіз портының
№ 7 тұрағында сап түзеді. Салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оқушылар мен студенттер, әскери бөлімдердің жеке құрамы қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» - Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласының «Зенит» зауытында құрастырылған зымырандық-артиллериялық кеме. Кеме 2014 жылы суға түсірілген.
Еліміздің теңіз шекарасын күзетуге арналған «Сарыарқа» кемесі ҚР Қарулы Күштерінің тапсырысы бойынша жасалған болатын. Кеменің су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында және ең жоғарғы жылдамдығы 25-30 узел, жүзу қашықтығы 1200 миль.
Бұл кеме қазіргі заманғы зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен, навигациялық және штурмандық қондырғылармен, сондай-ақ қуатты байланыс құралдарымен жабдықталған.
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс сапары барысында авиациялық базаны, теңіз жаяу әскерлері бригадасын және әскери-теңіз базасын аралады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Қашықтан оқытудың әлемдегі қарқыны -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті