- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Еуроодақ тең құқылы әрі өзара тиімді әріптестер – Қ.Жақыпов
Қазақстан мен Еуроодақ тең құқылы әрі өзара тиімді әріптестер – Қ.Жақыпов
«Қабиболла Жақыпов аталған бағыт біздің еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сан қырлы саясаты әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық орнатуға айқын жол ашатынын атап өтті», - делінген хабарламада.
Ивета Григуле Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үдерісіне өте жоғары баға берді. Оның айтуынша біздің елде әрбір адамның, жалпы алғанда бүкіл қоғамның әл-ауқатын көтеруге айрықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күні Еуроодақ Қазақстанның барлық саладағы ірі әріптесінің бірі.
Мәртебелі мейманның атап өткеніндей, адамдар арасында сенімділік қарым-қатынасты орнату мен дамыту өте маңызды, ол жалпы мемлекет табысының жарқын кепілі.
Мәжіліс Спикері өз кезегінде Елбасы саясатының арқасында жыл санап нығайып келе жатқан қазақстандық қоғамның толеранттылық үлгісіне көңіл бөлді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуродақ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық тартымдылық, транзиттік-көліктік әлеует, сондай-ақ, парламентаралық қарым-қатынас сынды ауқымды сұрақтар әңгімеге арқау болды.
Қабиболла Жақыпов делегация мүшелеріне Мәжіліс қызметі туралы, елдің заңнамалық базасын жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді.
Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету қажеттігін айтқан Ивета Григуле Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациямен байланысты кеңейту мақсатында қазақстандық депутаттарды Еуропарламентке шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды