- Басты
- Жаңалықтар
- 12-жылдық білім беруге көшу белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін – БҒМ
12-жылдық білім беруге көшу белгісіз уақытқа шегерілуі мүмкін – БҒМ
«Елімізде зерттеу жүргізілді, кейбір мектептерге 12 жылдық білім беру стандарты енгізілді. Мамыр айында бұл зерттеу аяқталады. Зерттеу нәтижесін қарастыра отырып біз әзірге ұсыныс берудеміз, себебі мемлекеттік білім бағдарламасына өзгерістер енгізу керек болады. Біз бүгінгі жағдайды ескере отырып 12 жылдық білім беруге көшуді шегеру туралы ұсыныс жасамақшымыз», - деп мәлімдеді БҒМ.
Сонымен қатар, министр атап өткендей, 12 жылдық білім беруді шегеру мерзімі әлі қарастырылады. Алайда зерттеу нәтижелерін ескере отырып, БҒМ 12 жылдық білім беруді әзірге шегеруді дұрыс көріп отыр. «Көптеген факторлар бар, оның ішінде қаржы мүмкіндігі де жоқ емес. Бүгінде Үкімет Президенттің тапсырмасымен экономикадағы болуы мүмкін түрлі жағдайлар бойынша сценарий жасақтауда», - деп жалғастырды министр.
БҒМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда аталмыш бағдарлама бойынша 400 бала білім алуда. «Олар үшін біз ҰБТ тапсыру, ЖОО түсудің өзгеше ережесін жасақтадық. Бұл зерттеудің нәтижесі 11 жылдық білім беру бағдарламасын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады», - деді А.Сәрінжпіов.
Сонымен, министрдің айтуынша, «Білім беру туралы» заңдағы 6-7 жастан балаларды мектепке қабылдау ережесі дәл солай қала береді.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда