- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді нығайту қажет – Жақыпова (Фото)
Қазақстанда мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді нығайту қажет – Жақыпова (Фото)
«Заң жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғаммен бірдей жағдай жасау, өз пікірлерін білдіруге орта құруына бағытталған. Сондай-ақ, мүгедектердің техникалық қондырғылармен қамтылуы, медико-әлеуметтік сараптаманың жетілуі, инотаксилердің дамуы қарастырылады», - деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Вице-министрдің ақпараты бойынша елде 626,7 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар, ол республика халқының 3,7 пайызын құрайды.
«Темір жол вокзалдарында және станцияларында, порттар мен әуежайларда арнайы өту жолдарын орналастыру міндетін енгізу қарастырылып жатыр», - деді ол.
С.Жақыпова атап өткендей, білім беру саласында арнайы мәдениетті жетілдіру қажет.
«Біз мүгедектерге барынша әлеуметтік көмек көрсетуіміз қажет. Мәселен, мүгедектерге есту, қабылдау бойынша көрсетілетін көмекті жылына 30 сағаттан 60 сағатқа дейін жеткізу керек.
Заң жобасы мүгедектердің өзге қоғам мүшелерімен бір дәрежеде болып, ҚР Конституциясының заңында бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени мүмкіндіктері мен құқықтарын сақтауға бағытталған.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары