Теміртауда өнеркәсіптік өнім көлемі 410 млрд теңгеден асып жығылды

22 Қаңтар, 2015 15:18
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Теміртау қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сонымен, өнеркәсіптік өнім көлемі 410 млрд. теңгеден асып жығылды. Ауыл-шаруашылық өнімі 1,5 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға 67,5 млрд теңге инвестиция құйылған. 30 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

«Бұл сөзсіз жақсы көрсеткіш. Осы қарқынмен жұмыс істеуіміз қажет»,- деді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков. 

Сонымен қатар, облыс әкімі қалада шешілмеген мәселелердің барын тілге тиек етіп, осыған байланысты Теміртау қаласының әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

Барлық жаңалықтар