- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Индустриялды паркіне шамамен 6,9 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылды
Астана Индустриялды паркіне шамамен 6,9 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылды
«Индустриялды паркте шетелдік компаниялардың қатысуымен 7 жоба іске асырылуда. Оған тартылған жалпы шетелдік инвестиция көлемі 6,9 млрд теңге. Атап айтар болсақ, инвесторлардың қатарында «ALSTOM» (Франция), ЗАО «ТрансМашХолдинг» (Ресей Федерациясы), Talgo Kazajstan S.L.(Испания), Aselsan Elektronik Sanayi ve Ticaret A.S.(Түркия), GE Transportation (АҚШ), «Трансмашдизель» (РФ), «СТС-Генподряд» (Украина), «Ipek Kagit Sanayi ve Ticaret A.S.» (Түркия) және JSC «Selena FM» (Польша) бар», - дейді А.Саябаев.
Оның айтуынша, 2002 жылдан бері АЭА аумағына тартылған жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асса, соның ішінде 40%-ы кәсіпорындардың өзіндік қаражаты, ал 35%-ы шет елдік инвестиция, қалған 25%-ы бюджет қаражаты.
Қазіргі таңда, өздеріңізге де белгілі, өтінім берілген 50 жобаның 21-і өндірісте іске қосылды. 17 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатса, 12-сі жобалау мен рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу кезеңінде. Кәсіпорындарда шамамен 2290 жұмыс орны ашылды.
«2010 жылдан бері Индустриялды паркте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 328,1 млрд теңгенің өнімін өндірсе, соның ішінде 119,3 млрд теңгесі 2014 жылға тиесілі. Сонымен қатар, тауар экспорты 9,1 млрд теңгені құрады. Ал 2014 жылғы көрсеткіш 4,2 млрд теңге», - дейді ол.
«2015 жылы Индустриялды парк аумағында 6 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде. Толықтай жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылмақ», - дейді.
Анықтама:
«Астана – жаңа қала» АЭА аумағына кіретін Индустриялды парк аумағы 598 гектарды құрайды.
«Астана – жаңа қала» АЭА 2001 жылы құрылған. Ондағы басты мақсат елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын құру мен Индустриялды аймақта жаңа өндірістер ашу.
Оның салынуымен мемлекет үшін де, әлеуетті инвесторлар үшін де оң экономикалық әсер қамтамасыз етілді.
Камила Амирова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды