- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда «Алтын домбыра» иегері автокөлік кілтіне ие болды
Талдықорғанда «Алтын домбыра» иегері автокөлік кілтіне ие болды
Кездесуде жыл сайын «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары Жандарбек Бұлғақовқа (2013 ж.) 1 млн. тг. қаржылай сыйақы беріліп, Балғынбек Имашевқа (2014 ж.) жеңіл автокөліктің кілті табыс етілді.
Кездесу барысында облыс әкімі А.Баталов алдағы уақытта мәдениет саласында ауқымды жұмыстардың атқарылатындығын мәлімдеді.
«Кітапхана біздің байлыгымыз, біздің тарихымыз. Сол үшін де қаламызда жаңа үлгідегі кітапхана салу мәселесін құптаймын. Мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген жас актерлерді де жеке тұрғын үймен қамту мәселесін қолға алатын боламыз. Бұдан басқа елді мекендердегі мәдениет үйін жекешелендірудің тиісті өңір әкімдері тарапынан шешілу жолдарын қарастыруды тапсырамын», - деп мәлімдеді А.Баталов өзінің сөзінде.
Сонымен қатар, облыс әкімі мәдениет саласында қордаланып қалған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, өнер ұжымдарының сахналық киімдері мен шығармашылық жұмыстарына кеңінен тоқталды. Ауылдық елді мекендерде мәдениет нысандарында жетіспей жатқан штаттық бірліктердің жағдайы мен халықтық ұжымдарды дамытудың, келер ұрпақтың мәдени өсірудің тиімді жолдарын қарастыру мәселері сөз болды.
Келесі кезекте, театр, мәдениет үйлерінің өкілдері, жазушылар мен кітапхана қызметкерлері сөз алып, өздерінің баяндамаларын жасады.Мәдениет саласындағы сан жылғы елеулі еңбектері үшін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» және «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгілері табысталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары