ТүркПА-ның Бас хатшылығына Қазақстан өкілі тағайындалды

1 Қазан, 2013 22:16
Түркітектес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы болып Жандос Асанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, жаңадан тағайындалған Бас хатшы Түркітектес мемлекеттердің Парламенті Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен 1 қазанда өз қызметіне кіріскен.

«Асанов бүгінге дейін ҚР Парламенті Сенат аппараты жетекшісінің орынбасары болды, делінген хабарламада.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Асановтың алдында Түркітектес мемлекеттердің Парламенті Ассамблеясы төрағалығында Әзірбайжанның өкілі Рамил Гасанов болған.

Айта кету керек, Түркітектес мемлекеттердің Парламенті Ассамблеясын құру туралы келісімге 2008 жылдың қараша айындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Стамбулда өткен Түркітектес мемлекеттердің 1-інші конференциясында қол қойылған болатын. Аталмыш ұйым Хатшылығы Әзірбайжан астанасы Бакуде орналасқан.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар