- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ХАССП жүйесі бойынша тамақ өнеркәсібінде оқыту басталды - ҰЭМ
Қазақстанда ХАССП жүйесі бойынша тамақ өнеркәсібінде оқыту басталды - ҰЭМ
«ХАССП жүйесін зерделеу заңнамаға кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізумен байланысты өзекті болып отыр. Кәсіпорында тексерудің баламалы нысандарының бірі болып табылатын ХАССП жүйесін енгізу кәсіпорында ерекше тәртіп бойынша тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Ақпараттық және оқу іс-шаралары, сондай-ақ кәсіпорындарда ХАССП-ны пилоттық енгізуді іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк іске асыратын «Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасы және оның «ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» кіші компоненті шеңберінде жүзеге асырылады.
Одан әрі оқып шыққан жаттықтырушылар республика өңірлерінде тамақ өнеркәсіптерінің өкілдері үшін ХАССП жүйесі бойынша тереңдетілген оқыту курстарын өткізетін болады. Бұдан басқа, ХАССП-ны енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізілуде. Алынған тәжірибе қорытындыланатын және еліміздің барлық жерінде пайдаланылатын болады.
Кәсіпорын деңгейінде тағам өнімдері қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз етудің тиімді құралы ХАССП жүйесін енгізу болып табылады (ағылшын транскрипциясында НАССР - Hazard Analysis and Critical ControlPoints, «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сындарлы нүктелері» дегенді білдіреді).
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ХАССП – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген