• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған

Ақтөбе облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған

21 Қаңтар, 2015 14:47
Ақтөбе облысында 2015-2019 жылы ИИДМБ аясында жалпы сомасы 144,1 млрд теңге болатын және 5,2 мың жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін 9 инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жалғасады, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасы.

Аталып өткендей, 2015 жылы  жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болатын және 720 жұмыс орнын ашуға септігін тигізетін 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

- Қуаттылығы жылына 25 мың тоннаны құрайтын сөндірілмеген әкті өндіретін зауыт, 60 жұмыс орны құрылады («Игданит»ЖШС);

- Жылына 1000 тонна өнім өндіретін макарон фабрикасы, 80 жұмыс орны құрылады («Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС);

- Қуаттылығы жылына 250 мың тонна болатын темірбетон өнімдерінің кеңейтілген өндірісі, 204 жұмыс орны ашылады  («ASBI SAT GROUP»ЖШС); 

 - Жылына 33 млн дана силикат кірпішін өндіретін зауыт, 70 жұмыс орны құрылады («МИЗАМ»ЖШС);

- Қуаттылығы жылына 36 мың тонна тік тігісті электр дәнекерлеуші құбырлар мен майыстырылған профильдер өндірісі, 25 жұмыс орны ашылады (ПТ«Қазжылуэнергомонтаж»);

- қуаттылығы жылына 6,5 мың тонна ет өңдеу комбинаты ( «Сүтті оқиғалар»ЖШС);

- эмульсиялы жарылғыш заттар өндірісі қуаттылығы жылына 30 мың тонна, 15 жұмыс орны ашылады («Нитрохим»ЖШС);

- ынталандыру құралдарының (пілте, толқы арнасы) өндірісі, қуаттылығы жылына 5 млн дана, жылына 15 жұмыс орны құрылады  («Нитрохим»ЖШС);

- рельс жасайтын зауыт, 30 жұмыс орны ашылады («ТеміржолЖөндеу»ЖШС);

- Қуаттылығы жылына 23 млн дана кірпіш өндірісі бойынша цех ( «Дингалиев К.Е.» ЖК);

- қуаттылығы жылына 720 мың тонна түрлі фракциядағы текше тәрізді шағал өндірісі бойынша цех («ККО ЛТД»ЖШС);

- қуаттылығы жылына 35 мың текше метр ұзын тақта, 655 тонна терезе және есік жақтауларын, 14 мың текше метр сайдинг пен 9,6 мың текше метр қоршау қадаларын өндіруге жететін ағаш-полимерлі өнімдер өндірісі бойынша цех, 15 жұмыс орны құрылады ( «СоюзЭнергоПолимер»ЖШС).

ІСБ хабарлағандай, Индустрияландыру картасына енгізілу үшін жалпы сомасы 487,7млрд теңге болатын және 5,2 жұмыс орнын ашуға септгін тигізетін 27 жоба қаралуда.

Барлық жаңалықтар