ШҚО-да жемқорлыққа қарсы ойлау туралы идеялар конкурсы өтуде

1 Қазан, 2013 13:57
Шығыс Қазақстан облысында «Қоғамда жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыру кешенді жұмысын жүргізу» бағдарламасы бойынша «Ең таза қол» атты идеялар конкурсы болып өтті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Ең таза қол» идеялар конкурсы ШҚО-да Жастар қауымдастығы мен балалар ұйымдарының қолдауымн жүзеге асты», - деп әкімдік хабарламасында жазылған.

Аталмыш жоба ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен жүзеге асуда.

«Ең таза қол» шарасының басты мақсаты жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталып, оның алдын алуын қарастыру болып табылады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жемқорлыққа қарсы инновациялық бағыттарды қолдануды тәжірибеледі.

Аталмыш конкурста, БАҚ өкілдері мемлекеттік емес ұйымдар мен шығармашылық топтар қатыса алады.

Барлық жаңалықтар