- Басты
- Жаңалықтар
- БАӘ компаниясы Маңғыстау облысында электр энергиясын шығаратын зауыт салады
БАӘ компаниясы Маңғыстау облысында электр энергиясын шығаратын зауыт салады
«Біріккен Араб Әмірлігі компаниясы елімізге ауқымды инвестиция салуға дайын және қазіргі таңда Ақтау қаласы әкімдігі, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Империал ренюбл Энерджи Қазақстан» компаниясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы көптен күткен үш жақты меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.
«Empereal» компаниясы ұсынысы бойынша күн және терминалдық энергия негізінде электр энергиясын шығару бойынша модульді құрылысы қолға алынбақ. Осындай бір зауыт қуаттылығына байланысты шамамен 12-15 айда салынады. Нысан тәулігіне 150 мегаватт электр қуатын шығара алады. Жоба құны 85,5 млн доллар. Осы сынды тағы зауыттар шалғайдағы елді-мекендерде, аралдарда салынады екен.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Жаңбырбай Доспаевтың айтуынша, Маңғыстау облысының таңдалу себебі, өңірде күн көзінің мол болуы. Осы сынды инвестициялық жоба тоғыз елде жүзеге асырылған.
Палатаның хабарлауынша, қазіргі таңда халықаралық Ақтау әуежайы аумағында 150 гектар жер телімі бөлінген. 5 ақпанда зауыт құрылысына капсула төселеді. Өз кезегінде «Empereal» компаниясы Ақтау қаласындағы университеттердің бірінің базасында ғылыми-зерттеу орталығын ашуға ниетті.
«Қазіргі таңдағы басты міндеттеме – өңірге барынша аз экологиялық ауыртпалық әкелу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жаңа жұмыс орындарын ашу. Компания тарапынан алдағы 20-25 жыл ішінде ел үкіметінің қойған тарифтерді сақтауға кепілдік беріледі», - дейді Ақтау қаласы әкімі Еділ Жаңбыршин.
«Empereal» компаниясы шартына сай, жобаны компанияның өзі толықтай инвестициялайды. Тиісінше алдағы 20 жылды оны басқарады. Осыдан кейін қайтарымсыз негізде жоба мемлекет қолына өтпек. Осылайша мемлекекет тегін су мен электр қуатын алмақ.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері