- Басты
- Жаңалықтар
- Қазагромаркетинг субъектілер несиелерінің/лизингтерінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады
Қазагромаркетинг субъектілер несиелерінің/лизингтерінің шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады
Субсидиялау Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүргізіледі.
Субсидиялауға номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгемен 14%-дан және шетелдік валютамен 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер жатады.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінетін несиелер және технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға берілетін лизингтер бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелері несие теңгемен алынған жағдайда 7%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамсыз ететін мамандандырылған ұйымдардың және мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша несие теңгемен алынған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-ға және несие шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 7%-ға төмендетіледі.
Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарыз алушылар екінші деңгейлі банктер мен несие алған лизингілік компанияларға барулары қажет, деп хабарлады ҚазАгро.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр