- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімдігі мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі халықты әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етеді
ШҚО әкімдігі мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі халықты әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етеді
«Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов, Қазақстанның «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиев арасында Шығыс Қазақстанда тұғын үй құрылысын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.
Тараптар өңірде тұрғын үй құрылысын іске асыру, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мен халықты сапалы әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге қызығушылық танытып отыр.
Банктің мәлімдеуінше, эконом сыныпты үй құрылысын қаржыландыру құрылыс компаниясы есебінен де, облыстық бюджет есебінен де мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидасымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру, оны инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жобалау-сметалық құжаттарды дайындау мен түзетуді тексеру жұмыстарымен облыс әкімдігі айналысатын болады. Тапсырыс беруші ретінде және тұрғын үй құрылысын ұйымдастырушы «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ болмақ.
Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі өз кезегінде үйді сатып алушылар пулын құрып, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинағы қаражаты есебінен салынған шаршы метрлерді сатпақ. Сонымен қатар, банк құрылыс компанияларын тағы да несиелендіру үшін екінші деңгейлі банктерге шартталған депозиттерді орналастыру арқылы құрылысты қаржыландырмақ. Осылайша құрылыс компаниясы арзан бағамен үй салу мүмкіндігін алмақ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері