• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жарты жыл ішінде Ақмола облысында 1000 денсаулық сақтау қызметкері біліктілікті арттыру курсынан өтті

Жарты жыл ішінде Ақмола облысында 1000 денсаулық сақтау қызметкері біліктілікті арттыру курсынан өтті

1 Қазан, 2013 20:25
2013 жылдың алғашқы жартысында Ақмола облысында 1000 денсаулық сақтау қызметкері мен 360-тан астам дәрігер біліктілікті арттыру курсынан өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ақмола облысында 996 орташа медицина қызметкері мен 367 дәрігер оқытылып, 282 дәрігер мен 1435 орташа медицина қызметкері біліктіліктерін арттырды», -делінген хабарламада.

Сонымен қатар,дәрігерлерді тұрақты негізде және жеткілікті көлемде қайта даярлау мен оқытуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінгені айтылады.

Және де медицина қызметкерлері категорияландыру процедурасынан өткізіледі. Бұл көрсеткіш алғашқы жарты жылдықта дәрігерлер арасында 52,1 пайыз, орташа медицина қызметкерлері арасынла 48,5 пайызды құрайды.

Барлық жаңалықтар