- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Ахметов: «Азия авто» ЕАЭО кеңістігінде бәсекеге қабілетті автоөндірушіге айналуы тиіс (Фото)
Д. Ахметов: «Азия авто» ЕАЭО кеңістігінде бәсекеге қабілетті автоөндірушіге айналуы тиіс (Фото)
Іске қосылса еліміздің ең ірі көлік кешендерінің біріне айналатын бұл зауыт автомобиль құрастыруда тұңғыш ресейлік-қазақстандық табысты кооперацияның мысалы болып табылады. «БИПЕК авто» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің айтуынша, ағымдағы жылы іске қосуға жоспарланып отырған зауытта жылына 120 мың автокөлік шығарылады.
«Қазіргі уақытта «Азия авто» АҚ Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің 17 % өндіреді. Республиканың 27 қаласындағы компания филиалдарында 5847 адам жұмыспен қамтылған. Ал жаңадан салынатын автокөлік зауыты әлеуетімізді арттыра түспек. Әрине, ресейліктермен серіктестік аясында біз өз шарттарымызды алға тартатын боламыз», – деді А. Балушкин.
Кеңес төрағасын тыңдаған аймақ басшысы авто зауыт құрылысына облыстық әкімшілік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
«Жаңадан салынатын авто зауытта 12 мың жұмыс орны ашылатын болса, бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне үлкен серпін бермек. Бұл кезекте ең бірінші автокөліктердің сапасына баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ, көлік құрастыруда отандық үлесті арттыруға мән беру керек. Бір сөзбен айтқанда, «Азия авто» АҚ Қазақстанда ғана емес, ЕЭО кеңістігінде бәсекеге қабілетті автоөндірушіге айналуы тиіс», – деді облыс әкімі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады