- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да жасанды шағыл өндірісінің технологиясы іске қосылды
БҚО-да жасанды шағыл өндірісінің технологиясы іске қосылды
«Зерттеу жүргізу үшін сала мамандары Батыс Қазақстан облысындағы Тасқалы кен орнының кремнийлі тау жынысын алған. Оралдық ғалымдардың технологиясы өндірістік, азаматтық және жол құрылысын дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді», - делінген хабарламада.
Ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталмыш өндірісті ұйымдастыру жылу сақтау материалдарының, ауыр және жеңіл бетон негізіндегі құрылыс материалдары номенклатурасының сапасын арттырады. Жасанды шағылдың орташа тығыздығы 2,5 есеге дейін жеңіл, жылу өткізгіштігі 30-40%-ға төмен.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ жасанды шағыл қымбат емес, әрі қолжетімді. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жасанды шағылға деген сұраныс тек Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында жылына - 1 895,0 мың текше метрді құрайды. Ал, аталмыш технологияның авторы жылына 190 мың текше метрін өндіруге дайын, бұл өз кезегінде аталмыш нарықтың 10%.
ІСБ атап өткендей, жасанды шағылды өндіру үшін еліміздің барлық аймақтарында кездесетін кремнийлі тау жынысын өндірген жеткілікті. Айта кетерлік жайт, классикалық шағыл еліміздің тек кейбір аймақтарында ғана бар.
2014 жылы жеңіл әрі берік жасанды шағыл өндіру технологиясын ҚР БҒМ жанындағы технологияны коммерцияландыру орталығы қолдап, 45,5 млн теңге грант бөлінген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш жоба ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты