- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-ның Теректі ауданында 47 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын пайдаланды
БҚО-ның Теректі ауданында 47 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын пайдаланды
Хабарламада айтылғандай, «Егінжай» бағдарламасы бойынша үш адам 6 млн 400 мың теңгенің несиесін алса, «Муррабаха» бағдарламасы бойынша 4 адам 10 млн 886 мың теңгенің, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 7 адам 21 млн 950 мың теңгенің, «Ауыл ипотекасы» бағдарламасы бойынша 41 адам 111 млн 110 мың теңгенің несиесіне қол жеткізді. Жалпы өткен жылы Теректі ауданы бойынша бағдарламалар бойынша 111 адам 270 млн теңге несие алған.
Сонымен қатар, ішкі саясат басқармасы мәліметінше, өткен жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында үш бағдарлама қолға алына бастады. Атап айтар болсақ, ол асыл тұқымды аталық мал мен сүтті ірі қара тұқымдарын алуды несиелендіретін «Сыбаға» бағдарламасы, жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған «Құлан» бағдарламасы мен қой шаруашылығының «Алтын асық» бағдарламасы. Теректі ауданы бойынша «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы 250 пайызды құраса, «Құлан» бағдарламасы 205 пайыз орындалып, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1075 бас қой алынған.
Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында шағын және орта кәсіпкерліктің 1590 субъектісі тіркелсе, солардың арасында1437-сі белсенді жұмыс істеуде. 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 7 пайызға артқан.
Шағын және орта кәсіпкерліктің өндіріс көлемі 2015 жылдың 1 қаңтарында 3 млрд 1 млн 404 мың теңгені құраса, 2014 жылдың осы уақытындағы көрсеткіш 2 млрд 869 млн 657 мың теңге болғаны белгілі.
Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Шаған ауылдық округінде 55 млн теңгенің «Аңшылық кордоны» атты туризм саласындағы жобаны іске асыру жоспарланған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары