- Басты
- Жаңалықтар
- Самұрық-Қазына ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқартпақ
Самұрық-Қазына ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқартпақ
Хабарламада айтылғандай, компанияның бизнес жоспарына түзетулер енгізілмек. Атап айтар болсақ, бекітілген жоспарға қарамастан ағымдағы шығындарды 337 млрд теңгеге дейін қысқарту қарастырылған. Осы тұрғыда өзіндіңк құны 249 млрд теңгеге азайып, жалпы әкімшілік шығындар 64 млрд теңгеге азаяды.
Капиталдық шығындар 18 пайызға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына дейін қысқартылмақ.
Самұрық-Қазынаның мәліметінше, қордың инвестициялық бағдарламасын 18 пайыз қысқарту жоспарланған. Қор компанияларының тобы бойынша химия, кен өндіру, құрылыс, көлік, мұнай-газ салаларында инвестициялық бағдарлама шығындарын азайту көзделіп отыр. Осы орайда ИИД МБ мен «Нұрлы Жол» нысандары мен «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарына өз әсерін тигізбек емес.
Барлық компания үшін қазірдің өзінде алдағы 3 жылға Трансформацияның жол картасы жан-жақты бекітілген. Қор бизнес жобаларының реинженерингі жұмыстары мен үздік халықаралық баламалар қабылдау бойынша стратегиялық холдинг моделіне өту жұмыстары басталды.
«2015 жылы Ұлттық компания 10 ірі компанияда операциялық трансформацияны іске қосады. Компаниялар бойынша 8 мыңнан астам процесс сарапталып, қайта қаралады. Жаңа жүйе мен еңбекақы төлемінің грейдерлік жүйесі енгізіледі. Компаниялар тобы ақпараттық технологиялар бойынша ортақ орталық құрып, 70 млн теңгеге дейін қаражат үнемдемек. Компаниялар саны 600-ден 500-ге дейін қысқармақ», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2015 жылы да жекешелендіру бағдарламасы жалғаса бермек.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды