- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарды – Жақсылықов
Қазақстанда кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарды – Жақсылықов
«Жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін құру мен тоқтату шарттарына келер болсақ, Заңмен кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа қысқарып, 100 теңге көлеміндегі минималды қаулылық капитал туралы талаптың күші жойылды», - дейді ол.
Оның айтуынша, мөрдің болуы туралы міндетті талап алынып тасталды. «Оларды жабу процедурасы айтарлықтай қысқартылды. Ол кезде өз қызметін жауып жатқан салық төлеуші таңдау еркіндігіне ие болады – салық органдары тарапынан жабу тексерістерін жүргізу арқылы кәсібін жабу немесе аудиторлық ұйым қорытындысын жасау арқылы жабуға құқылы», - дейді.
Ведомство басшысының пікірінше, мемлекеттік органдармен қатынас кезінде азаматтардың негізсіз шығындарын алып тастау мақсатында 7 жылға дейін коммерциялық мақсатта пайдаланылмаған жеке автокөліктің техникалық тексеруі, құжаттардың нотариалды бекітілген көшірмесінің міндетті болуының күші жойылып, көлік құралын басқару кезінде сенімхат талап етілмейтін болды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің шарттарын түбегейлі қысқарту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына Мемлекет басшысы 2014 жылдың 29 желтоқсанында қол қойған еді.
Индира Қауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер