- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың сәуіріне дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленеді - ҰЭМ
2015 жылдың сәуіріне дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленеді - ҰЭМ
«Мемлекет басшысының 2014 жылдың 27 ақпанындағы № 757 «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында бірегей шаралар қолдану туралы» Жарлығын одан ары жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың сәуіріне дейін бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа Әдістемесі әзірленіп, Президент Әкімшілігіне енгізілетін болады сәйкес. Әдістеме жобасын мүдделі тұрғалар, мемлекеттік орган өкілдері мен ҰКП жасақтады», - деп мәлімдеді ол.
Жақсылықов атап өткендей, тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастырудың Әдістемесі негіздемелік сипатқа ие және әрбір мемлекеттік бақылау-қадағалау органының ведомстволық тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеуі үшін негіз болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет шарттарын түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық топпен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын талаптарды қысқарту үшін талаптарға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 5 228 талаптың ішінде 1 810 талап немесе талаптардың жалпы санының 34,6%-ы қысқартылды.
Айта кетерлік жайт, Кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту мәселелер жөніндегі Заңның қолданысы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалға оң әсер етеді, бизнеске әкімшілік жүктеменің төмендеуіне әкеледі және қазақстандық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті