ЕХӘҚ Министрі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

1 Қазан, 2013 19:46
ҚР ЕХӘҚ Министрі Тамара Дүйсенова республиканың әлеуметтік салаларындағы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

«Бүгін қарттар күнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде республиканың әлеуметтік салаларындағы бұрынңы қызметкерлерімен кездесу өтті», - делінген хабарламада .

Хабарламада айтылғандай, ЕХӘҚ Министрі Тамара Дүйсенова ардагерлерді отандық әлеуметтік қамсыздандыру саласында еткен қажырлы еңбектері үшін үлкен алғысын білдірді. 

«Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі халықтың қиындық кезінде ең бірінші жүгінетін саласы. Сіздердің тараптарыңыздан құрылған осы жүйе бүгін біздің тарапымыздан жетілдіріліп және модернизацияланып жатыр»,- деді министр.

Жалпы, шараға қатысушылар халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, отбасы, қарттар мен ауыреңбек жағдайындағы азаматтардың институтын қолдауда мемлекеттік саясаттың тиімділігі аталды.

 

Барлық жаңалықтар