«Қостанай - Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы фирмалық болды - ҚТЖ

20 Қаңтар, 2015 15:19
2015 жылдың 20 қаңтарынан бастап «Қостанай - Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы фирмалық болды және оған «Тобыл» деген ат берілді, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ.

Хабарланғандай, «Тобыл» осымен бесінші фирмалық пойыз болды. Бұған дейін «Бәйтерек», «Отырар», «Маңғыстау», «Каспий» қосылған болатын.

«Тобылдың» вагондары фирмалық пойыздарға қойылатын барлық талаптар мен стандарттарға сай. Олар жылыту жүйесімен, ауаны салқындату жүйесімен, жарық диодты ақпарат таблоларымен жабдықталған.

Ақпарат бойынша, стандартты қызметтерден бөлек купе вагондарының жолаушыларына санитарлық-гигиеналық қызмет, шәй, балалар жиынтығы, басылымдардың жаңа саны, мейрамхана вагонының кеңейтілген мәзірі ұсынылған.

Жолаушыларды отырғызу электронды билеттер арқылы жүзеге асырылады, ал маниторлардан жолда жүрудің аудио және видео материалдары көрсетіледі.

Бұдан басқа, құрам жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін арнайы қозғалмалы құралмен жабдықталған. 

Барлық жаңалықтар