- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде мүлікті жария ету мәселесі бойынша 2 мың адам көмекке жүгінді
Семейде мүлікті жария ету мәселесі бойынша 2 мың адам көмекке жүгінді
«Берілген өтініштердің ішінде: жер телімдерін заңдастыруға 627; өз еркімен салынған үйлерді заңдастыруға 925; пәтерлерді, жатақханадағы бөлмелерді заңдастыруға 265; металл және күрделі көлікжайларды заңдастыруға 365; саяжай жер телімдерін заңдастыруға 362; жапсаржайларды заңдастыруға 144; өзге мүлікті заңдастыруға 194 адам ниет білдірді», - делінген хабарламада.
2015 жылғы 19 қаңтарына Семей қаласының әкімдігімен мүлікті жария етуге 78 өтініш қабылданды. Олардың 44 бойынша оңды, 25 бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды. 8 өтініш белгіленген мерзім ішінде мүлікті жария ету жөніндегі комиссия отырысына қарау үшін енгізілетін болады, 1 өтініш құжаттар тізімін толықтыру үшін қайтарылды.
Өтініш білдірген барлық азаматтар аталмыш мәселе бойынша кеңес алып, қажетті құжаттар пакетін алуға жіберіледі.
Семей қаласы әкімдігінің мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құзыретіне басқа тұлғаға ресімделген, ҚР заңнамасына сәйкес, құқығын немесе мәмілесін мемлекеттік тіркеуді талап ететін жылжымайтын мүлік пен ҚР аумағында орналасқан, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ орналасқан жер телімінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, заңдастыру субъектісінің меншік құқығында иелігінде тұрған ғимараттар (құрылыстар мен имараттар) кіреді.
Өтініш 30 күн ішінде қаралады және мүлікті заңдастыру немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Заңдастырылған мүлік туралы мәлімет тізілімге енгізіледі, заңдастыру туралы шешім шығарылған күннен бастап мүлік заңдастырылған болып саналады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді