- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-ның Зеленовский ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2,7%-ға артты
БҚО-ның Зеленовский ауданында 2014 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2,7%-ға артты
Хабарламада айтылғандай, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 46,8 млрд теңгеге жетті. Аудан бюджеті 5 035 млн теңгеге жақындап, соның ішінде салық түсімдері 1 173,9 млн теңгені, өзге де түсімдер 85,3 млн теңгені құрады.
«Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік саясаттың мақсатты жүзеге асырылуы мен атқарылып жатқан бағдарламаларды қаржылық қолдау арқасында жүзеге асты. Жергілікті тауар өндірушілерге 2014 жылы 806 млн теңге субсидия беріліп, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 363,4 млн теңге несие қаражаты тартылды», - делінген хабарламада.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 34 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Малдың қысқы азығын дайындау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Жалпы көлемі 94,2 мың тонна жем-шөп дайындалды, деп хабарлайды әкімдік.
Сонымен қатар, 2014 жылы салалық «Агробизнес-2020» республикалық бағдарламасы аясында жалпы құны 323 млн теңге болатын 17 жобаның 12-сі жүзеге асырылды.
Соның ішінде бау-бақша шаруашылығында тамшылатып суару жүйесі құрылғысын орнату, күнбағыс және жем-шөп шаруашылығы өндірісі, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен бордақылау алаңын салу бойынша екі жоба бар. Қалған 5 жоба биыл іске асырылмақ. Атап айтар болсақ, олар: жем-шөп өндірісі, сүт-тауарлы фермасы, құс фабрикасы мен жүн өңдеу цехы жобалары», - деп хабарлайды әкімдік.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты