- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы БҚО-да 9 тұрғын үй салынады
2015 жылы БҚО-да 9 тұрғын үй салынады
«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі желісімен 450 пәтерлік 4 тұрғын үй салу жоспарланған. Оның жалпы ауданы 29,549 мың шаршы метрді құрайды. Осы үйлердің 360 пәтерлік 3 үйі жас отбасыларға арналса, жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға төртінші үй берілмек. Ондағы пәтерлер саны тиісінше 180-ді құрайды», - делінген хабарламада.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісімен Орал қаласында 1160 пәтерлік 5 тұрғын үй мен ауылдық елді мекендерде жалпы ауданы 5,727 мың шаршы метрді құрайтын 76 пәтер салынбақ.
Сонымен қатар, басқарманың хабарлауынша, білім беру саласында Дерқұл ауылында 600 орындық мектеп құрылысы мен Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақша құрылысы күн тәртібіне қойылған.
Бұдан бөлек тағы екі мектептің құрылысына, атап айтар болсақ, Зашағын ауылында 1200 орындық мектеп пен Орал қаласындағы мектеп құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Оған жалпы көлемі 1 052,3 млн теңге бөлінсе, Жаңғала ауданы Жаңғала ауылындағы 100 орындық интернатқа 631,6 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2015 жылы білім беру саласына бөлінген қаражат көлемі 2 383 млн теңге.
Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, Орал қаласында 150 орындық балаларды оңалту орталығы құрылысына 300 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 300 орындық қалалық көппрофильді аурухананың құрылысын аяқтауға 2 598,3 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2015 жылы денсаулық сақтау саласына 2 898,3 млн теңге бөлінді.
Айта кету керек, туризм мен спорт саласында Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын салу жоспарланған. 2015 жылдың қаражат жоспары 50 млн теңге. Республикалық бюджет есебінен 2015 жылы елді мекендерде 18 сумен қамту нысаны құрылысы жоспарланған. Осы мақсатқа бөлінген қаражат - 3 027,2 млн теңге.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр