• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жалпы білім беретін ұйымдар жетекшілерінің біліктілігін арттыратын курстар басталды

Астанада жалпы білім беретін ұйымдар жетекшілерінің біліктілігін арттыратын курстар басталды

1 Қазан, 2013 19:44
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Астанада физика-математика бағытына ден қойған Назарбаев Зияткерлік мектебі жалпы білім беру ұйымдарының жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстары басталды, деп «Назарбаев Зияткерлік Мектебінің» баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы білім беретін ұйымдардың жетекшілеріне біліктілікті арттыру курсы 9 айлық уақытқа созылады. Ол арнайы Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің арасында арнайы келісім шарт арқылы жүзеге асады.

«Елдің әр аймағынан 250-ге жуық жетекші шақыртылды. Біліктілікті арттыру үрдісі Қазақстанның педагогикалық орталығының бапкерлерінің қатысуымен өтеді. Кембридж университетінің сарапшыларының бағдарламасы арқылы жүзеге асады», - деп хабарламада жазылған.

Оқыту «face to face» жүйесі арқылы жүзеге асады. Тыңдаушыларға арналып арнайы шеберлік сабақтары дайындалды.

 

 

Барлық жаңалықтар