Бұланды аудандық соты республикалық байқаудан 3 орын алды

19 Қаңтар, 2015 19:23
Жоғарғы сот ҚР Қазылар одағымен бірлесіп 2014 жылғы облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың жұмыстарын үздік ұйымдастыру бойынша респуликалық байқау жеңімпаздарын анықтады.

«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, Бұланды аудандық соты төрағасы Ринат Шақуановқа ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің қолы қойылған үшінші орын сертификаты табысталды.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Бұланды аудандық соты 1 орын алды.

Хабарламада айтылғандай, сот қызметтері мына санаттармен бағаланды: сот ғимараты жағдайы мен рәсімделуі, сараптама жұмыстарыныңғ жоспарлануы мен жүргізілуі, істердің өз уақытында және сапалы қаралуы, сот процестерін ұйымдастыру, сот өндірісінде заманауи технологиялардың пайдаланылуы, сот ақпаратына деген қолжетімділік. 

Барлық жаңалықтар