• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 13 млн га егіс алқаптары жиналған, - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда 13 млн га егіс алқаптары жиналған, - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

1 Қазан, 2013 19:38
Министрліктің мәлімдеуінше, 1 қазанға дейін Қазақстанда 13,3 млн га егіс алқаптары жиналған. Бұл жалпы егіс алқаптарының 84,6% құрайды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Республиканың барлық аймақтарында егіс жинау науқаны өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығының облыстың басқарма мәліметтеріне сүйенсек, 1 қазанға дейін 13326,6 мың га егіс алқаптары жиналған. Бұл жалпы егістіктің 84,6 % құрайды», - делінген хабарламада.

Бүгінде 17 млн тонна астық соғылған. Орташа есеппен гектарына 12,9 центнерден шыққан. Айта кету керек,2012 жылы орташа көрсеткіш 8,4 центнерді құраған.

 

 

Барлық жаңалықтар