- Басты
- Жаңалықтар
- Математика, физика және информатикадан ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан Бас жүлде алды
Математика, физика және информатикадан ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан Бас жүлде алды
Алматы қаласында оқушылардың математика, физика және информатика бойынша ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті. Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия сияқты әлемнің 15 елінен 58 команда (391-ге жуық олимпиадашы) қатысты.
Ең үздік мамандандырылған мектептер бойынша олимпиада жеңімпаздары 7 команда анықталды.
Осындай қиын дода жеті мәрте бас жүлдені жеңіп алған СУНЦ (Ресей, Мәскеу қ.) командасын бір сатыға артқа тастап, командалық есепте Бас жүлдені бірінші рет РМФМОМИ-ның командасы (Қазақстан, Алматы қ.) жеңіп алды. 1-орын ММУ СУНЦ (Ресей, Мәскеу қ.), 2-орынды Ереван мемлекеттік университетінің физика-математика мектебі (Армения, Ереван қ) мен София математика мектебінің (Болгария, София қаласы) командалары өзара бөлісті, 3-орынды Челябинскінің №31 лицейі (Ресей,Челябинск қ) мен №199 «Комаров» мектебі (Грузия, Тбилиси қ.) және Белорусь мемлекеттік университетінің лицейі (БГУ, Минск қ) командалары иеленді.
Жеңімпаз командалардың әрбір қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Гран-при жеңіп алған команда қатысушылары ультрабукқа ие болды. 6 команда мақтау қағаздарымен марапатталды.
Олимпиаданың 31 алтын медаль жеңімпаздарға тапсырылды. (Қазақстан – 4, оның 3-уі РМФМОМИ оқушылары / Исмайлов Ахан,Қадырақұнов Олжас (мат), Құрмантаев Дәулет (физ). 63 оқушы күміс медаль иегері атанды (Қазақстан – 19 медаль, оның 6-ы РМФМОМИ оқушылары / Шахиев Александр, Ақшолақов Райымбек, Мадыл Әділ (мат), Елшібеков Халықбек, Абылқайров Сұлтан (физ.),Аманов Алан (инф)/. Қола медаль иегерлерінің саны – 88 (Қазақстан – 28, РМФМОМИ -11-і / 5 (мат), 3 (физ), 3 (инф) олимпиадашылары).
Барлығы 182 медальдің 51 Қазақстан оқушылары жеңіп алса, оның 20-сы РМФМОМИ-ға тиесілі. Олимпиаданың жоғары деңгейде екенінің куәгері болдық, барлық (51 жеңімпаз) қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне Назарбаев Университетінің білім грантары және осындай грант шетелден келген олимпиада жеңімпаздарына да берілді. ҚБТУ-дың гранттары табысталды. Тарихта бірінші рет Әзербайжан Университеті (Баку қаласы) барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге білім грантарын ұсынды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы