- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Алматы қаласының ЖӨӨ 8 трлн теңгені құрады
2014 жылы Алматы қаласының ЖӨӨ 8 трлн теңгені құрады
2014 жылдың қортындысы бойынша, өндіріс , құрылыс, көлік, сауда-саттық саласы, сондай-ақ қызмет көрсету салалары да өте жоғары табысқа қол жеткізген. 1 330,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, 2013 жылға қарағанда 14,5 пайызға жоғары көрсеткіш көрсеткен. Банк несиесінің көлемі 5 трлн теңгеге өсіп, 28,4 пайызды құрады. Ал өнеркәсіптік өндіріс ошақтарының өнімі Алматы қаласының ЖӨӨ-нің 2,1 пайызын құрап, 649,1 млрд теңгеге жеткен.
Хабарламада көрсетілгендей, қала басшысы бұдан әрі де табысты еңбек ету мақсатында қалалық құрылымдарға нақты тапсырмалар берген болатын. Атап айтар болсақ, кіріс көлемін артыру үшін жаңа табыс көздерін іздестіру және шығысты мейілінше азайту шараларын жасау, мемлекеттік-жеке серіктестермен жұмысты жандандыру, мерекелік шаралар санын қысқарту, тұтыну бағасының индексін бақылау, әсіресе әлеуметтік маңызды тауарларды, сондай-ақ алпауыт инвестициялық жоспар тұрғысында комуналдық қызмет бағасын тексеру, ағымдағы жылда кем дегенде 20 мың жұмыс орындарын ашуды тапсырған.
Кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру үшін «Даму» АҚ-мен бірлесе Алматы экономикасының көптеген бөлімдеріне қолдау көрсетіледі, соның ішінде сауда-саттық 4 млрд теңге бөлінбек.
Тұтынушылар бағасының индексін 6-8% дәлізі аралығында ұстап тұру мақсатында инфляциялық шектеу және әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасының негізсіз өсуін болдырмау шаралары қабылданады.
Сондай-ақ, 2015 жылы алпауыт қаланың экономыкалық саясаты алдағы әлеуметтік қалыпты сақтап қалмақ.
Сонымен қатар, жалпы өңірлік өнімнің көлемі былтырғы жылдың 9 айы ішінде 10,5 пайызға жоғарылаған.
Және де салық пен басқа да міндетті төлемдерді жинаудан 2014 жылы мемлекеттік кіріс көлемі, 1трлн 429,1 млрд кедендік төлемді қоса есептегенде, алдағы жылдан 4,5 пайызға жоғары көрсеткіш көрсеткен. Өткен жылы Алматы қаласының шынайы иеліктегі кірісі 356 млрд теңге болған.
Өткен жылда өндірістік өнімнің көлемі 2,1%-ға артып, 649,1 млрд теңгені құрады. Орташа айлық жалақының көлемі шын мәнінде 155 140 теңгені көрсетті. Өткен жылы 23 мың жұмыс орны құрылды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді