• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын 2015 жылдың маусымында пайдалануға береді

ҚТЖ «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын 2015 жылдың маусымында пайдалануға береді

19 Қаңтар, 2015 15:49
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын 2015 жылдың маусымында пайдалануға береді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Хабарламада атап өтілгендей, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин мен Алматы облысының әкімі А. Баталов жұмыс сапарымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрылыс нысандарын аралады.

Сапар барысында өндірістік алаңдар, болашақ арнайы экономикалық аймақ еңбеккерлеріне арналған қалашықтың іргетасы қаланып жатқандығы байқалды.

«Мердігерлік бригадалар белгіленген кестеден кешікпей құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Нысандарды пайдалануға беру  биылғы маусымнан кешіктірілмеуі тиіс,- деп атап өтті А. Мамин.

Оның сыртында, кеңес барысында таяу арада өндірістік алаңның, АЭА еңбеккерлеріне арналған қалашықтың қабырғасы қаланатындығы белгілі болды.

Айта кету керек, трансұлттық жоба «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты кешенінің алғашқы кезеңі өткен жылдың соңында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткізілген телекөпір кезінде іске қосылған болатын.

Барлық жаңалықтар