2015 жылы Степногорск қаласында 5 білім беру нысанын жөндеу жоспарланған

19 Қаңтар, 2015 15:34
ТКШ жаңғырту шеңберінде 2014 жылы Степногорск қаласында 12 тұрғын үй жөнделген, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

«ТКШ жаңғырту шеңберінде Степногрск қаласында 2011-2012 жылдары жалпы құны 175,2 млн тенгені құрайтын 11 тұрғын үй жөнделген, 2014 жылы - 250 млн.теңгеге 12 тұрғын үй жөнделген, 2015 жылы тағы екі көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында жалпы құны 250,4 млн.теңгені құрайтын 17 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жасалған. Білім беру ұйымдарына жөндеуді ары қарай жалғастыру үшін 5,8 млн.теңге сомасына ЖСҚ жасалды. 2015 жылы 5 білім беру нысанына ортақ сомасы 91 млн. теңгені құрайтын жөндеу жасау жоспарланған.

Бұдан бөлек, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес ЗТЖМО есебінде 16 640 зейнеткерлер мен жәрдемақыны алатын адамдар тұр, олардың ішінде зейнеткерлер - 12 211 адам, ӘЖА алатындар- 2 615, 1 және 2 тізім бойынша МЖӘ алатындар - 648 адам, ӘМЖ алатындар - 4 654 адам, бір жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындар - 625 адам. 2014 жылы барлығы халыққа 8 579 189,18 мың теңге төленген, бір айдағы орташа төлем 729 932,43 мың теңгені құрайды.

«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, жалақының минималды көлемі - 21 364 теңгені, мемлекеттік зейнетақы төлемінің көлемі - 11 182 теңгені, зейнетақының минималды көлемі - 23 692 теңгені, АЕК - 1 982 теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар