- Басты
- Жаңалықтар
- Өз ісін ашу үшін 2014 жылы Степногорскте 139 несие берілді
Өз ісін ашу үшін 2014 жылы Степногорскте 139 несие берілді
Хабарламада айтылғандай, шараның ұйымдастырушылары әкімдіктің ішкі саясат бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жетекшісі Орынбасар Бейсенбина ардагерлер кеңесі активіне Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тұстарын таныстырды.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы барлық қазақстандықтар үшін бағдарламалық құжат болып табылады. Әлемдегі теріс экономикалық ахуалға қарсы тұруымыз үшін Президенттің бұйрығымен Ұлттық қордан 2015-2017 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 3 млрд доллар көлемінде қаражат бөлініп отырады.
Елімізде басты назарға алынатын саланың бірі мемлекеттің көлік инфрақұрылымын дамыту мен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және ТКШ жаңғырту болмақ.
Степногорскте 2013 жылы субсидиялау бойынша бес кәсіпкерлік жобасы қолдау алды. Олардың жалпы құны 200 млн теңге. Солардың арасында ТЖО салу, автобус пен арнайы техника сатып алу және тұз өндірісі.
Сонымен қатар, мәлімдемеге сүйенсек, 2014 жылы өз кәсіптерін ашу мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту үшін 139 адам жалпы құны 375,6 млн теңгенің несиесін алды. Соның ішінде шамамен 60 пайызы қалаға тиесілі болса, қалғандары ауылдық жерлердің үлесінде. Қызмет күрі бойынша 48-і мал шаруашылығы, 9-ы шағын орталық пен 9-ы балабақшалар салу, жүк тасымалы бойынша 11, ТЖО салуға 2, сауда бойынша 32, дәмхана бизнесіне 6, қызмет көрсету саласына 28 жоба тиесілі.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша жедел курстарға 2013 жылы 170 адам, 2014 жылы 140 адам жіберілді. 2014 жылдың басынан бері Кәсіпкерлікті қолдау орталығының екі кеңесшісі 272 адамға 536 кеңес берді.
2014 жылы жергілікті кәсіпкерлердің құны 433 млн теңгені құрайтын 12 жобасы субсидия алу, жылыжай кешенін кеңейту мен руда өңдеу, баспахана, автокөлік қызметі, такси, шағын балабақша ашу бойынша Өңірлік Үйлестіру кеңесі тарапынан мақұлданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады