- Басты
- KAZENERGY және IRENA жаңармалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ЭКСПО-2017 аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
KAZENERGY және IRENA жаңармалы энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігі ЭКСПО-2017 аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Аталып өткендей, Делегация құрамында «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы атынан Бас директор Әсет Мағауов қатысуда. Іссапар барысында Әсет Мағауов пен IRENA бас директоры Аднан Амин «KAZENERGY»қауымдастығы және «IRENA» агенттігі арасындағы өзара келісім туралы меморандумға қол қойды.
«Бұл құжаттың мақсаты - Қазақстанда «Болашақ энергиясы» тақырыбында EXPO 2017 өткізуге даярлық мәселелері бойынша ортақ ынтымақтастық шараларын қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі жөніндегі инновациялық механизмдерді әзірлеу, энергиямен жабдықтау саласында – жол карталарын жоспарлау және дамыту болжамдары, технологиясын талдау және әзірлеу. Сонымен қатар меморандумда бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын өткізу, энергетикалық секторда білім мен тәжірибе алмасу және жаңармалы энергия көздерін пайдалану қарастырылған», - делінген хабарламада.
Абу-Дабиде журналистер алдында жаңармалы энергия көздеріне қатысты сөйлеген сөзінде Әсет Мағауов қазақстандық сектор үшін бұл шараның пайдалы тәжірибе болатынын, себебі осы секторға қолдау көрсету үшін жасалып жатқан қазіргі шаралар аса маңызды деп атап көрсетті. Десе де, технологиялар бір орында тұрып қалған жоқ және сарапшылардың айтуынша 10 жылдың өзінде-ақ осындай жаңармалы энергия көздері дәстүрлі энергия көздерімен бәсекелесе алады.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрі және KAZENERGY Бас директор Әсет Мағауов іс сапар барысында Жапония Экономика, сауда және индустрия министрі Еити Миядзавамен, Комор Аралдары Одағының Өнеркәсіп, экология және энергетика министрі Абу Насер Мадимен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЭСКАТО атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесу өткізді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша IRENA Ассамблеясының 5-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация мүшелері қатысқан интерактивтік министрлік дөңгелек үстелдер, пленарлық мәжілістер және техникалық кеңестер өткізілді.
Бұдан басқа, біздің тарап «Жаңармалы энергия көздері және қоршаған орта», «Rеsource» – жаңармалы энергия көздері туралы білімге қақпа» тақырыбында өткен бірқатар пікірталас мәжілістеріне; сондай-ақ IRENA және «Financial Times» (Ұлыбритания) халықаралық іскерлік газетінің бастамасымен өткен «Уақыт еншісі» жарыссөздері шеңберіндегі «Инновациялар: технологиялар, бизнес және болашақ энергетика» тақырыбындағы пікірсайысқа қатысты.
-
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері
-
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары
-
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы
-
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
-
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды
-
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық
-
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ

