- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ІІМ 2014 жылдың жұмысына қорытынды жасады
ҚР ІІМ 2014 жылдың жұмысына қорытынды жасады
Алқа отырысы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың төрағалығымен ІІМ орталық аппараты мен комитеттері, өңірлік ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттері жеке құрамының, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшыларының және ведомстволық оқу орындары бастықтарының қатысуымен өтті.
Қалмұханбет Қасымов өткен жылы ІІМ реформалау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда елеулі кезең болғанын атап өтті. Заманауи талаптарға сәйкес ішкі істер органдарының жаңа жүйесінің негізі қаланған «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданды. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын және құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары жүргізілді.
Министр хабарлағандай, есепке алу-тіркеу саясатын қатаңдату нәтижесінде қылмыстарды жасырудың бұрыңғы практикасы түптамырымен жойылды.
Соңғы жылдары алғашқы рет қылмыстың төмендеуі байқалды. Бірқатар қылмыс түрлері қысқарды, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар, көшелерде жасалатын қылмыстар азайды.
Қылмыстың төмендеуінен қылмыстардың ашылуы, жәбірленушілердің бұзылған құқығын қайта қалпына келтіру жөніндегі біздің негізгі міндетіміз шешілді,- деп атап өтті Қ.Қасымов. Қылмыстың басым түрлерін, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жақсарды.
Министр ІІМ жүйесінің ағымдағы жылғы қызметі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа жол» Жолдауында белгіленген ауқымды міндеттерді нәтижелі іске асыру үшін жағдай туғызуға, қызметтер мен бөліністердің жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыстар туралы барлық өтініштер мен арыздарға мүлтіксіз жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгісіне ауысуды жалғастыруға бағытталуы тиіс екеніне назар аударды.
ІІМ Алқа отырысының қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппаратының және өңірлік департаменттердің қызмет басшыларына өзге де қаралған проблемалар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды