• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана-Теміртау» автомагистралі 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі

«Астана-Теміртау» автомагистралі 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі

19 Қаңтар, 2015 11:21
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ақмола және Қарағанды облыстарында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Орталық-Оңтүстік» жобасын іске асыру барысы туралы көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды Ұлттық компания.

«Жиында Берік Қамалиев атқарылған жұмыс, қысқы уақыттағы автожолдардың жағдайы мен көктемгі еру уақытына дайындық және құрылыс материалдарын дайындау туралы мердігер компаниялар жетекшілерінің есебін тыңдады. Сонымен қатар жиында көпірлер мен айналма жолдарды жобалау, дала сервисі жобалары мен жылыту пунтктері жобалары көтерілді», - делінген хабарламада.

Астана-Теміртау-Қарағанды-Алматы дәлізінің жалпы ұзындығы 1276 км құрайды. Жұмыс қазіргі таңда екі бөлікпен өтіп жатыр. «Астана-Теміртау» мен «Алматы-Қапшағай». «Астана-Теміртау» жолы құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай, 2016 жылдың соңында аяқталмақ.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 2014 жылы дәліз бойынша жалпы 109 км цементтібетон қаптамасы мен 117 шақырым негіз және 5,6 млн куб метр жерге жер өңдеу жұмытары жүргізілген.

«Астана-Теміртау» автомагистралі 7 бөлікке бөлінген. Соның бірі 2014 жылы пайдалануға берілді. Автожолдар құрылысымен қатар табиғаттағы инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл аударылып отыр. Астана мен Теміртау арасындағы Аршалы және Ошағанды ауылдары жанынан табиғат сервисін дамыту жоспарлануда. Атап айтар болсақ ол кемпингтер, ТЖО, жылыту бокстері. Аталмын нысандардың пайдалануға берілуі автомагистраль құрылысының аяқталуына тұпа-тұс келмек.

«Астана-Теміртау» жолы аяқталғаннан кейін 4 жолаққа дейін кеңейтіліп, 1 санатты жолға айналмақ. 

Барлық жаңалықтар