• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында Жаңажол-Шұбаршы-Кеңқияқ учаскісінде талшықтық-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

Ақтөбе облысында Жаңажол-Шұбаршы-Кеңқияқ учаскісінде талшықтық-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

19 Қаңтар, 2015 10:51
Ақтөбе облысында Жаңажол-Шұбаршы-Кеңқияқ учаскісінде талшықтық-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. Бұл ауыл тұрғындарына байланысты кең ауқымда қызмет түрлерін ұсынуға мүмкіндік берді, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

«Бұл жобаны жүзеге асыру соңғы жылдары күнәіртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болды, себебі қолданыстағы байланыс желісі заман талаптарына жауап бермеді. ТОБЖ жүргізу арылы біз ауыл тұрғындарын жылдамдығы жоғары ғаламтор мен iD Phone желісіндегі телефон байланысы және  Idtv интерактивті телевидение қызметімен қамтамасыз еттік», - деп атап өтті кәсіпорынның техникалық директоры Жомарт Қасыманов.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтөбе облысының 12 ауданының 11-і талшықтық-опитикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген. 

Барлық жаңалықтар