• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысындағы 17 компания «Алтын сапа» байқауына қатысқаны үшін алғыс хат алды

Ақтөбе облысындағы 17 компания «Алтын сапа» байқауына қатысқаны үшін алғыс хат алды

19 Қаңтар, 2015 09:48
Ақтөбе облысындағы 17 компания «Алтын сапа» байқауына қатысқаны үшін алғыс хат алды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ақтөбе облысынан «Алтын сапа» сыйлығына үміткер ретінде 35 компания қатысқан. Байқау нәтижесі бойынша 2014 жылдың үздік индустриялдық жобасы ретінде өткен жылдың индустрияландыру көшбасшысы – Ақтөбе рельсбөрене зауыты танылған еді», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, байқауға қатысқан тағы 17 кәсіпорын ҚР Президент әкімшілігі жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің қолы қойылған алғыс хатқа ие болды. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы директоры Төлеміс Шотанов аталмыш хатты кәсіпорын басшыларына табыстады.

«2015 жылдан бастап ҚР Президентінің сыйлығын алуға үміттілердің өтінімдерін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іріктейтін болады. Айта кетейін, сіздердің басқарып отырған компанияларыңыз ең үздік деген кәсіпорындар. Олар жоғары технологиялық тауарлар шығарып, әлеуметтік жауапкершілікке ие бизнес ретінде танылып үлгерді. Отандық өндірушілер неғұрлым көп болса, соғұрлым еліміз сырттан кіретін тауарлардан тәуелсіз болады», - деді Т.Шотанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 25 желтоқсанында Астанада Мемлекет басшысының «Алтын сапа» арнайы сыйлығы табысталған еді.

Өздеріңізге де белгілі, республикалық байқауды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Энергетика министрлігімен және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп ұйымдастырады.

Байқау шарты бойынша, оған «Қазақстанда жасалған» белгісімен өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін кәсіпорындар қатысады. Қатысушыларды іріктеудің басты шарты алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мен халықаралық сапаға ие болу.

«Алтын сапа» сыйлығы отандық кәсіпорындардың дамуына серпін беретін бірегей жоба. 

Барлық жаңалықтар