• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысының сумен қамтамасыз ету және суармалы егіншілігін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

Павлодар облысының сумен қамтамасыз ету және суармалы егіншілігін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды

19 Қаңтар, 2015 09:33
Павлодар облысының әкімдігінде ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қатысуымен қазіргі су проблемалары мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Сондай-ақ мәжілісте Павлодар өңірінің суармалы егіншілігін одан әрі дамыту перспективалары да сөз болды, деп әкімдіктен хабарлады.

«ҚР АШМ Су ресурстары комитеті 2010 жылы «Ауыз су» бағдарламасы аясында Павлодар облысы аумағында Беловод және Май топтық су құбыры құрылысы жұмыстарын бастаған еді. 2012 жылдан Беловод және Май топтық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары бірқатар себептерге байланысты тоқтап қалды. Арада екі жыл өтіп, 2014 жылдың қараша айынан бастап аталған топтық су құбырлары құрылысы қайта жанданды», - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы Қазан Бозымбаев атап өткендей, Өткен жылы өңірдің 57 ауылын су жүйесімен қамтамасыз ету жобасына облыстық бюджеттен 367 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 40 ауыл жоғарыда аталған топтық су құбырына қосылған.  Сондықтан осы жобаларды іске асырудың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, облыс әкімдігі Су ресурстары комитетінің аталмыш топтық су құбырлары құрылысын жеделдетіп іске қосу бастамасын қолдайды.

Қазіргі таңда «Қазсушар» РМК ПФ директорының міндетін атқарушы Қалыбек Құдайбергеннің айтуынша, Ертіс ауданының Беловод топтық су құбыры құрылысы 2014 жылғы қараша айында басталған. Тапсырыс беруші 110,0 млн. теңге бөлген, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК тұлғасында жаңа бас мердігер ұйымды анықтаған. Топтық су құбырында 2015 жылы құрылыстың 1-ші кезегін іске қосуды есепке алумен құрылыс-монтаж жұмыстары орындалуда. Ағымдағы жылға 1,2 млрд. теңге көлемінде қаржы салынды. Түпкілікті құны мен құрылысты аяқтау жобаны түзеткеннен кейін анықталатын болады. 

Сонымен қатар, май топтық су құбыры 20,4 мың адам саны бар 30 елді мекенді қамтиды.  2014 жылдың қарашасында 1-ші кезекті аяқтауға 115,4 млн. теңге бөлінді. Жаңа бас мердігер «Қазсушар» РМК мен қосалқы мердігер «Лига-Финанс» ЖШС анықталды.

Мәжілісте аталып өтілгеніндей, Май және Беловод топтық су құбырларының жобасы аяқталған кезде орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтау көрсеткіші 14%-ға артады.

Барлық жаңалықтар