- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдың соңына дейін отандық үш МӨЗ қалпына келтіру мен жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда
2016 жылдың соңына дейін отандық үш МӨЗ қалпына келтіру мен жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда
Хабарламада айтылғандай, шараға «ҚазМұнайГаз» АҚ, мемлекеттік орталық органдар жетекшілері мен отандық мұнай өңдеу кәсіпорындары өкілдері қатысты.
Кеңесте ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, сондай-ақ Павлодар мұнай-химиялық зауыты, Атырау, Шымкент мұнай өңдеуші зауыттарды қайта өндеу және жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы жайлы есептер тыңдалды.
ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы бұл кәсіпорындарда шамамен 1,9 млн. тонна АИ-92 маркалы бензин және 4,1 млн. тонна дизель отыны өндірілді. АИ-92 маркалы бензинді ішкі тұтыну көлемі 2,9 млн. тоннаны, дизель отыны - 4,9 млн. тоннаны құрады. Мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемі импортталды.
Үш отандық МӨЗ қайта жөндеу мен жаңғыртуды 2016 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл ашық түсті мұнаймен ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, 2017 жылға қарай зауыттардың жиынтық қуатын жылына 18,5 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бақытжан Сағынтаев бекітілген кестеге сәйкес МӨЗ қайта жөндеу және жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Жобаларды іске асыру барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды