2015 жылы Орал қаласы әуежайын жаңғыртуға 2,53 млрд теңге бөлінді

16 Қаңтар, 2015 20:33
2015 жылы Орал қаласы әуежайын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2,53 млрд теңге бөлінді.

Орал әуежайының жолаушылар ағымы көлемінің артуына байланысты нысанды кеңейту жұмыстары қажет.

Бөлінген қаражат ұшу-қону жолағын ұзартуға және оны кеңейтуге бағытталады. Сонымен қатар жиектегі қауіпсіздік жолағы мен жоғары интенсивті жарық дабылы құрылғысын орнатуға жұмсалмақ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күз айында ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, Орал әуежайы жұмыс істей бастаған. 

Барлық жаңалықтар