- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда халықаралық әуе рейстері жаңартылады
Оралда халықаралық әуе рейстері жаңартылады
Хабарламада айтылғандай, «Бек Эйр» әуе компаниясы ашылғаннан кейін Орал қаласына қатынай бастаған. 2015 жылдың қаңтар айында «Эйр Астана» әуе компаниясы 2 техникалық тексеру өткізгеннен кейін коммерциялық емес осындай рейс жасады. Ал 12 қаңтардан бастап Алматы-Орал тұрақты рейсі ашылды.
Өздеріңізге де белгілі, өткен жылдың көктем айында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, қараша айынан бастап Орал әуе жайы жаңаша жұмыс істей бастаған.
Қалпына келтіру жұмыстарының 2 кезеңін аяқтағаннан кейін «Эйр Астана» компаниясы Орал-Амстердам бағыты бойынша тұрақты рейсті жаңарту мен Астана-Орал бағыты бойынша рейс алу мүмкіндігін қарастыруда.
«Бек Эйр» Оралдан Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласына қос рейс аша отырып өзінің ұшу географиясын кеңейтеді деп күтілуде.
Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасары Серік Мұқтыбаевтың айтуынша, аталған жоспарлар әуежай толық жаңартылғаннан кейін қолға алынбақ.
«Ұшу-қону жолағын қалпына келтіруге мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. 1 кезең жұмысы 2014 жылдың қараша айына дейін белгіленген уақытта аяқталды. 2015 жылы аталмыш жолақты тағы 400 метрге ұзартып, 60 метр кеңейте түсу жоспарланған. Орал әуежайы меншік иесінің перрон мен жолақты жаңарту міндеттері бар. Бұл аэродромның бір бөлігі. Онсыз нысан жұмыс істей алмақ емес», - дейді Серік Мұқтыбаев.
Айта кету керек, қалпына келтіру жұмыстарына дейін әуежайдың ұшу-қону жолағындағы рейстер саны айтарлықтай аз еді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда