• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы елордалық мемлекеттік кіріс департаменті 763,4 млрд теңге көлемінде бюджетке салық түсімін қамтамасыз етті

2014 жылы елордалық мемлекеттік кіріс департаменті 763,4 млрд теңге көлемінде бюджетке салық түсімін қамтамасыз етті

16 Қаңтар, 2015 19:07
2014 жылы елордалық мемлекеттік кіріс департаменті 763,4 млрд теңге көлемінде бюджетке салық түсімін қамтамасыз етті. Бір қызметкер басына шаққанда бюджет түсімі 4,5 мың доллардан асты, деп хабарлайды Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, 2014 жылы салықтық декларациялардың 91,4%-ы электронды түрде берілді. Бұл дамыған елдердің көрсеткішімен бірдей.

«32 мемлекеттік қызметтің 23-і (72%) толықтай автоматтандырылды. 2014 жылы 1,4 млн теңге қызмет электронды түрде көрсетілсе, бұл жалпы көрсеткіштің 90 пайызын құрайды. Ақпараттандыру мен тұтынушыға бағытталу нәтижесінде бизнестің мемлекеттік қызметке көңіл толу деңгейі 87%-ға көбейді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2014 жылдан бастап маусым сайынғыдан жарты жылдыққа шағын бизнес субъектілеріне декларация беруді қарапайымдатуға өту 43,7 мың салық төлеушінің салықтық міндеттерін орындау уақытын үнемдеуге жол ашты.

Елордалық мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметі бойынша, Астанада ХҚКО-ға салықтық қызметтер мен жеке кәсіпкерлерті тіркеу қызметін өткізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 

«Тәжірибе көрсеткендей, пилотық жоба аясында қызмет көрсету уақыты 3 күннен 15 миниутқа дейін қысқартылды. Кәсіпкер кіріс департаментіне 3 рет емес енді 1 рет барса жеткілікті. Оның үстіне салық қызметі мен ХҚКО қызметі бір жерде көрсетіледі, бұл ыңғайлы әрі жедел», - деп ведомсвтодан толықтырды. .

Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Астанада ерікті түрде электронды есепшот жұмыс істейді, ол шығын көлемін едәуір азайтып отыр. 

Барлық жаңалықтар