• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 22 млн теңгеден астам халықтық тұтыну тауарлары контрабандасының жолы кесілді

ҚР-да 22 млн теңгеден астам халықтық тұтыну тауарлары контрабандасының жолы кесілді

1 Қазан, 2013 17:53
Қазақстанда өткен аптада 23-28 қыркүйек аралығында 22 млн теңгеден астам халықтық тұтыну тауарлары контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚБЖМ Кедендік бақылау Комитетінің баспасөз қызметі.

«Өткен аптада 2013 жылғы 23 мен 28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының Алматы қаласы бойынша КБД қызметкерлерімен жалпы құны 22 732 615 теңгеге халық тұтынатын тауарлардың контрабандасының фактілері анықталып, жолы кесілді», - делінген хабарламада

Сонымен қатар, Кедендік баұылау департаменті қызметкерлерінің жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша 86 әкімшілік іс қозғалып, 6 721 473 теңге сомасында айыппұл өндіріліп алынды, 8 қылмыстық іс қозғалды.

 

Барлық жаңалықтар