- Басты
- Жаңалықтар
- Дубайда ҚР азаматтарының 108 млн теңге тұратын мүліктері жария етілді
Дубайда ҚР азаматтарының 108 млн теңге тұратын мүліктері жария етілді
Мүліктерді жария ету жөніндегі акциялардың шеңберінде Дубайда (БАӘ) жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш түсті. Дубайда мүлікті жария етуге арналған өтініш құны 108,229 млн. теңге.
Министрліктің мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғынынан Ресейде сомасы 421 мың теңге мүлікті жария етуге арналған өтінім келіп түсті. Соңғысын жария ету туралы шешім салық органдарымен қабылданған болатын.
Тұтастай алғанда ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 131,6 млрд.теңгеге 17 070 өтініш келіп түстін. Оның ішінде сомасы 96,4 млрд. теңгеге 13 637 тұрғын үй объекті, сомасы 33,7 млрд. теңгеге 7 752 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 20,5 млрд.теңгеге 1 630 коммерциялық объект, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 13 қатысу үлесі, сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
Сонымен қатар, сомасы 47,8 млрд. теңгеге 8 310 объект жария етілді.
ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 2015 жылғы 14 қаңтардағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 9,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге 51 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 338,0 млн.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 3,1 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 2,9 млрд. теңге.
2015 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша 1-Н есебінің деректері бойынша 206110 «Мүлікті жария ету үшін алым» коды бойынша бюджетке іс жүзінде 348,8 млн.теңге түсті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды