Ақмола облысында мерейтой даталарын тойлау жұмыстары басталды

17 Қаңтар, 2015 10:01
Ақмола облысында 2015 жылдың мерейтой даталары – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында облыстық шаралар жоспары бекітіліп, онда өзіндік тақырыптық бағыттары бойынша басты бағдарламалық оқиғалар айқындалды, деп хабарлайды өңірдің ішкі саясат басқармасы.

«Аталған құжат 197 пунктен тұрады. Оның басты мақсаты облыс халқын, әсіресе өскелең ұрпақты айтулы оқиғаға ат салысуына жағдай жасау», - делінген хабарламада.

Жоспарға сай, облыс бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына әсер ететін маңызды шаралар мен тақырыптық жағынан кең ауқымды бастамалар қолға алынатын болады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. 

Барлық жаңалықтар