Алматы 2015 жылы ислам мәдениетінің астанасына айналды

16 Қаңтар, 2015 20:48
«Алматы – ТМД-ның мәдени астанасы 2014» бағдарламасы аясында Алматының мәдени өмірі 2014 жылы жаңалыққа толы болды, деп хабарлады Алматының мәдени басқармасы.

Аталып өткендей, Алматыда бағдарлама шеңберінде 32 шара өткізілді.

Ағымдағы жылы Алматы жаңа эстафетаны қабылдады – «Ислам мәдениетінің астанасы 2015».

Бішкекте (Қырғызстан) салтанатты  түрде Ислам мәдениеті астанасының кілтін тапсыру рәсімі өтті. 2014 жылы Бішкекте ислам мәдениетіне арналған көптеген шаралар өткізілді.

Бүгіннен бастап Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігінің қызметкерлері «Алматы - Ислам мәдениетінің астанасы 2015» халықаралық шарасына дайындықты бастап кетті. Ауқымды шара 2015 жылдың ақпан айына жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар